Фантастикалық «Жұлдызды айқас» туындысының кейіпкерлеріне арнайы көрме ашылды. Әйгілі франшиза қаһармандарының енді жеке альбомдары да жарык көрмек.
Көрермен көзайымына айналған фильмнің басты батырларының құрметіне ұйымдастырылған бәссауда, жоба авторларының пайымдауынша – 130 млн долларға бағаланып отыр. Онда суретші Джон Моллоның 1977 жылы салынған туындылары да сатылымға қойылатын болады.
Кэтрин Шофилд, ұйымдастырушы:
-Бұл суреттердің топтамасы өте ерекше. 40 жылдан астам тарихы бар альбомдарды қайта жаңғыртудың өзі – біз үшін жетістік. Табынушылар, сүйікті қаһармандарының қалай пайда болғанын көре алады.
Ал дәл осы кейіпкерлердің костюмдары, өткен жылы бәссаудада 3 млн долларға сатылып кеткен еді.