Қайрат Нұртас өз ұлдарын жұлдыз етпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртастың бір айға жоспарлаған концерттік турнесі, кеше Алматыда жалғасын тапты. Бұған дейін ел аймақтарын жалғыз өзі аралап үйренген хитмен, бұл жолы 30 күн бойы кіші ұлын қасынан қалдырмаған. Үш жастан енді асқан Ханның үй бетін көрмеуі – баланың денсаулығына кері әсерін тизгізбей ме?

«Нағыз еркек!» Қайраттың кезекті концерттік турнесі дәл осылай аталады. Сондықтан болар, шоуға шығатын өнерпаздар тізімі тек ер-заматтардан тұрады. Хитменнің кенжесі – Хан, әкесінің жұмысын жақсы түсінеді. Өйткені жас өрен бір айға жуық уақыт, еліміздің әр аймағын аралаған. Бірақ қаршадайынан үй бетін көрмеуі – бүлдіршіннің өз қалауы ма? Әлде жұлдызды жанұяның жаңа бизнес-жоспары ма?

Қайрат Нұртас, әнші:

-Ешқандай да ата-анасының қалауы емес. Бұл менің анамның қалауы. Бірақ қарап отырсам, Нарұл да, Хан да... Әсіресе Хан сахнаға шыққанды қалап, дайындалып, менің шығатын кезім қашан, сахнаның ортасы қайсы деп, жасы үште болса да сахнаға беріліп тұратыны бар да.

Қайраттың үлкен ұлы Нарұлға тек Астана мен Алматыдағы концертке қатысу бұйырған. Ал оқушы балақай мен кішкентай Ханның сахналық орбазына түгілдей дерлік анасы Жұлдыз жауапты.

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ. Нұртастың жұбайы, актриса:

-Ән таңдауда, киіміне, бидің қозғалыстарын деп жатамыз ғой. Қай жанрда, қай бағытта билейтінін оның барлығын өзім бірге отырып таңдаймыз. Ал былай гастрөлдік сапарда Ханның қасында адам бар жүретін.

Концерттік бағдарламадағы нағыз еркектердің қатарында Заңғар Нұртас та бар. Қайратпен ән шырқағалы, өнерге құштар інісінің өмірі күрт өзгерген көрінеді.

Заңғар Нұртас, Қ. Нұртастың інісі:

-Астананың адамдары танып тұрса да, көп жақындай бермейді. Ұяла ма білмеймін. Ал, батыс, оңтүстік жақта барлығы келеді. Ол жақтың адамдары Астанаға қарағанда көбірек қарапайымдау ғой. Келіп, хал-жағдайды сұрап, амандасып дегендей. Негізі көбісі таниды қазір.

Бұл концерттің Қайрат үшін орны ерек. Он жылдан аса уақыт бұрын сахнаға алғаш қадамын жасаған Нұртастың ұлы, әншілік мансабында тұңғыш рет тек осы кеште толықтай жанды дауыста шырқағанын мойындады.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Қанша кеш беріп жүрсем де, маған бүгінгі кеш қатты ұнады. Себебі, барлығын жанды дауыста айтқаннан кейін, халыққа таза еңбекпен қызмет еттім деген ойдамын.