Билборд чарты жылдың ең үздік әншілерінің тізімін ұсынды. Музыка көшіндегі мықтыларды, рэпер Дрейктің өзі бастады. Сері бұл жетістігімен нағыз триумфатор екенін тағы бір мәрте дәлелдегендей.
Дрейк – 2018 жылы билборд чартының патшасына айналғандай. Рэпердің «Scorpion» альбомындағы әрбір әні, аталмыш музыкалық тізімнің көшінен қалыспады. Канадалық серінің «God's Plan»\гәдс план/ трегі болса ұзақ уақыт бірінші орынды ұстап тұрды.
Ерекше дауыс иесі Ед Ширан да өзінің әсем әуендерімен тыңдарманын сүйсіндіруде. Британдық поп-музыканттың «Perfect» туындысы он екі ай бұрын шықса да, су жаңа тректерді шаң қаптырды. Билбордтың «жыл әні» тізімінде екінші сатыға жайғасқан Эд, әлемдік турнесімен де мақтана алады. Осы ән сапарының арқасында ол, бір жылдың ішінде 429 млн доллар пайдаға кенелген.
Биби Рексаның америкалық кантри-музыканттар – Florida Georgia Line- мен қосыла шырқаған «Meant to Be» туындысы да үздік. Өнерпаздардың бұл лирикалық әуені алғашында билборд чартының 61-ші орнында болса, бірнеше күннің ішінде мәреге үшінші келді. Хит туындының арқасында Биби, кантри стильдегі әнімен аталмыш музыкалық тізімнен табылған алғашқы ару атанды.