Q-pop өкілдері ән жазып ақша таппақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық q-pop жұлдыздары болса, өздерін жаңа қырынан көрсетпек. Мәселен, қазақ-поп орындаушылары, енді әріптестеріне ән жазып бермекке құлшынып жүр.

Осыдан бір жыл бұрын Бағым Мұхитденованың музыка мектебінде мұғалім атанған Айри, тағы бір салаға бет бұрып, тыңдарманын таңқалдырмақ ниетте. Жас әнші бұдан-былай әндерінің әуенін өзі жазбақ. Керек болса, келешекте өнердегі әріптестеріне композитор ретінде туындылар сыйлауға да әзір.

Ayree, әнші:

-Жақын арада өзімді композитор ретінде ұсынамын. Жаңа әндерімді, өзім жазған әндерді халыққа ұсынамын. Енді, екі-үш ай күту керек. Аранжировка жасалып жатыр, енді-енді сөздер жазылды. Сондықтан, жақында.

Айри сазгер атанса, әндерін сатып алуға дайынмын деген Сиситай да, құрбысынан қалыспақ емес. Кью-поп орындаушы ақындық өнерге жақын болып шықты.

Сиситай, әнші:

-Мен өзімді композитор ретінде емес, мен өзімді өлең жазушы ретінде сынап жатырмын. Жақсы шығып жатыр. Яғни, шабытым келгенде жазып тұрам. Ал, көрсетуге болады, лайық деген туындыны міндетті түрде мен шығарам.

Кью-поптағы қыздар қауымы жаңа қырынан танылуды көздеп жүргенде, «экс-Мунлайттық» Эрик Сейдахметов бірден іске көшкен. Әнші, қазақ эстардасының өкілдеріне тың тақырыптағы туындылар жазып бермек. Мәселен, соның бірін – өнерпаздың өзі орындап жүр.

Kyle Ruh, әнші:

- «Анджелина» ол, қалай айтсам, негізінен қиялдан туған ән. Бірақта аты, Анджелина Джолиға арналады. Ол кісі ұнайды, бүкіл өнері ұнайды, адамгершілігі, істеп жатқан жұмысы. Сондықтан сол кісінің атынан қойдым. Бірақ, текстте ойда, ол кісіге қатысты емес. Тек қана аты ғана.

Қысқасы, болашақта майталман әртістер, мәселен Роза Рымбаева кью-поп өкілдері ұсынған әндерді орындап жатса еш таңқалмаңыз.