Парвиз өз әндерін тегін таратты

Сообщить о проблеме с эфиром

Парвиздің хиттері болса Алматыда шырқалды. Сахнадағы 30 жылдық ғұмырын атап өткен өнер иесі, бұл жолы танымал әндерін өнердегі әріптестеріне сыйға тартқан. Өз кешінде жомарттық танытқан әнші, музыкамен қош айтыспақ па?

Сахнада 30 жыл! Концерттік бағдарламаға – 90-шы мен 2000-шы жылдары кең тараған туындылар және жаңа тректер таңдалған. Парвиздің қуанышына ортақтаса келген әріптестері, кеш иесінің хиттерін қосыла шырқады. Тіпті, өнер иесі ретро-әндерін енді жеке орындауға да рұқсатын берген сыңайлы.

Парвиз Назаров, әнші:

-Менің «Крестная мать» әнімді «Ринго» тобы өз стилінде шырқаса, туындының жаңа бір тынысы ашылатыны анық. Өйткені, олардың бағыты бөлек. Мұндай тың өзгеріс мені рахаттандырады. Бұл нағыз шеберлік.

Ақ көңіл әншінің хиттерін таратуы – өнерден алшақтады деген сөз емес. Жүрегі кең музыкант, репертуарының өміршең болғанын қалайды екен. Мәселен, «Мистерионс» тобына «Белые облака» туындысын табыстапты.

«Mysterions» тобы:

-Бұл ән дуэтте де бар Парвизбен бірге. Бөлек те жаздық бұл әнді студияда. Кейде орындаймыз. Өйткені бұл әнді көбісі жақсы көреді. Әсіресе біздің ата-анамыз сияқты тыңдармандар.

Парвиз бен Кенталдың дуэті осыдан бес жыл бұрын жазылған. Кумирімен ән шырқау бақыты бұйырған Талғаттың қуынышында шек жоқ.

Кентал, әнші:

-Сол 2013-те бірінші рет кездесіп, таныстық. Оның алдында мен бала кезімізден Парвиз ағамыздың әндерін тыңдаған едім. Сол кезден жақсы көремін Парвиз ағаның өнерін.

Шоу-бизнестің шоқ жұлдыздарын бір кешке тоғыстырған Парвиз, мерейтойына қарындасын шақырмаған. Әдетте, «Райхон» әнін туғанымен бірге орындайтын Назаров, бұл жолы сахнаға Ситорасыз шықты.