Толықтау қыздың тағдыры

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдызы Дженнифер Энистонды, артық салмақтан арыла алмай жүрген қызы сары уайымға салды! «Томпақ» фильмінде дәл осындай шарасыз ананың образын сомдаған актриса, Лос-Анджелесте көптен күткен картинасының тұсауын кесті.

Су жаңа комедияның тұсукесерінде Дженнифер Энистон алғаш болып төбе көрсетті. Шараға Stella McCartney-дың қолынан шыққан көйлегін киіп келген бикеш, қызыл кілемде құмары тарқағанша суретке түсті. Ал, айтулы премьерада актрисаға тілеулес меймандар қатарынан – құрбысы Кортни Кокс пен тележүргізуші Джимми Киммел табылды.

Дженнифер Энистон, актриса:

-Бар айтарым, жаңа лента көптің көңілінен шықса деймін!

Тұсауы жаңадан кесілген туындыда, Дженнифер – артық салмағынан қымсынатын қыздың анасының рөлін сомдаған. Сюжет желісінде ол, сұлулық ханшайымы атануды армандайтын аруларға байқау ұйымдастырады. Алайда, сайысқа оның жақыны да қатыспақ ниетте. Нәтижесінде, әдеттегі конкурс – әсемдік талаптарына сай келе қоймайтын қыздардың жарысына айналады.

Даниэль Макдоналдь, актриса:

-Фильмді таспаламас бұрын, Дженнифер мені үйіне шақырды. Екеуіміз ұзақ әгімелесіп, өзіміздің отбасымыз бен жеке өміріміз жайында сөлестік. Лента сәтті шығу үшін бір-бірімізді жақсылап тануға тырыстық.

Киногерлердің айтуынша, комедия – қоғамның қатып қалған заңдылықтарына бағынбай-ақ толыққанды өмір сүруге шақырады. «Лента арқылы бақытты болуға – артық салмақ еш кедергі емес екенін көрсеткіміз келді» дейді олар.