Луинаның ерсі қылықтары елге жақпады

Сообщить о проблеме с эфиром

Луина болса, жаңа бейнебаянын жариялағалы бері, «елдің ең көп талқысына түскен жұлдыздар» тізімінің көшін бастады! Әншінің видеодағы ерсі қылықтары көпке жақпай жатса керек. Ал, бұған өнер иесінің өзі не дейді?

Луинаның бейнебаяны жарық көргені сол-ақ еді, желіде туындыға қатысты жазбалар жан-жақтан толассыз ағылды. Олардың арасында, креативті пікірмен көзге түскендер де жетерлік.

-Тәуекелге байкот жариялағансыңдар ма не?

-Hey-Yo клипінде бүкіл жұлдыз қыздарды шақырып еді, осы жолы бірыңғай жұлдыз еркектерді жинап алған! Келесі не болмақ? 

Алайда, біраз жанкүйердің ызасын бейнебаяндағы осы кадрлар тудырған көрінеді.

Луина, әнші:

-Иә, бейнебаянда менің сүйіктім де төбе көрсетті. Онда мен жігітімнің құлының рөліндемін десем болады. Бауын байлап беремін. Бұны қалжың ретінде қабылдаған жөн.

Есесіне, Луинаның бұл қылығын өнердегі әріптестері қолдауда.

Диас Әзімжан, актер:

-Жалпы маған Луинада ұнайтыны өзінің ойын айтуға қорықпайды. Сонысы ұнайды, маған Луинаның әнші ретінде. Бейнебаянға келер болсақ, онда өзінің мінезін көрсеткен, Өзінің стереотиптерге бағынбайтындығын көрсеткені ұнады.

Сондай-ақ, бейнебаянда отандық шоу-бизнестегі жігіттердің Лиунаға қызмет етіп жүргенін байқауға болады. Туындыда төбе көрсетіп, видеоны алғаш болып тамашалаған ерлер қауымы, әншінің арқасында өздерін кезінде дәл осылай қолданған сұлуларды еске түсірді.

Серік Гамза-заде, әнші:

-Мектеп кезінде сыныптасымның сумкасын ұстап қайтатынмын.

Марат Оралғазин, әзілкеш:

-Қыздар өзі қу келеді ғой негізі. Қылықты келеді. Оның іс-әрекетіне, қылығына, көзқарасына алданып қаласың. Сондықтан, алдаудың мастерлері қыздарғой.

Диас Әзімжан, актер:

-Мені де алдап кетті. Мысалы мен, бірнеше ай бұрын, бір адам деп ойлап жүрген қызым, басқа адам болып шықты. Бір екі айдан бастап өзін басқаша көрсете бастады.

Осылайша талай арудың арбауына түстік деген жігіттер, қылықты Луинаның бейнебаянына тегін түсуден де бас тарта алмапты.