Әлемге әйгілі «Versace» бренді де тың топтамасының таныстырылымын, ауқымды деңгейде атап өтті. Көптен күткен көрсетілімге Ким Кардашянның өзі қатысып қайтқан еді. Атышулы ару, сән кешіне ұзақ дайындалыпты.
Дәл осылай, Донателла Версаче 2019 жылдың қыс-күз маусымына арналған топтамасын ұсынды. Айтулы коллекция сән үйінің негізін қалаушы – Донателла Версаченің туған күнінің құрметіне таныстырылған еді.
Атағы дардай марканың су жаңа үлгілерін елге көрсету – Ирина Шейк, Джиджи Хадид, Хейли Болдуин мен Кая Гербер сынды танымал аруларға тапсырылған. Алайда, мінбердегі сәнқойлардың шеруін, көрсетілімге келген меймандар көші өз көлеңкесінде қалдырғандай.
«Версаченің» кешінде – Блейк Лайвли, Ума Турман, Сиара, Оливия Палермо бастаған өнер өкілдерінің қарасы мол болды. Ал, шараның басты қонағына – сөзсіз Ким Кардашьян айналды.
Атышулы ару сән мерекесіне жұбайы Канье Уэстті де ерте келіпті. Өзі Версачидің әсем көйлегін киіп келгеніне қарағанда, Ким айтулы салтанатқа үлкен жауапкершілікпен дайындалғандай.
Әйгілі брендтің су жаңа үлгілері талғампаз жұрттың көңілінен шыққан секілді.