Ринат пен Динаяның ара қатынасы жұмбаққа айналса, күллі әлем отау құрған Приянка Чопра мен Ник Джонастың қуанышын талқылауда. Жұлдызды жұп, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасауға бел буғандай! Танымалдардың бақытты күні біздің де назардан тыс қалмақ емес!
2000 жылы «Әлем аруы» атанған Приянканың жүрегін – өзінен 10 жас кіші Ник Джонас жаулады. 26-дағы жігіт, халық арасында әнші, композитер, актер, әрі «Jonas Brothers» тобының мүшесі ретінде кеңінен танымал. Сері бұған дейін Майли Сайрус, Селена Гомез сынды талай арулармен көңіл жарастырған еді. Алайда, Ник көп сұлудың ішінен Чопраны асыл жары етуге лайық деп санаған.
Қуанышты сәтті тойлаудың қаржылай шығыны жайлы жұлдызды жұп еш уайымдамаған секілді. Ұлтаралық неке болған соң, танымалдар отау құру салтанатын екі елде де ұйымдастырды. Нью-Делиде өткен мерекеде Приянка мен Ник үндістандық салт-дәстүрге сай етіп, үйлену тойын атап өтті.
Ал, неке қию рәсіміне орай ұйымдастырылған екінші шара – Ник Джонастың туған елінде тойланды. Еуропа стиілінде өткізілген салтанатта Приянка өзінің 23 метрлі ақ фатасымен келген қонақтарды таңқалтты. Қалыңдықтың образын әзірлеу үшін, дизайнерлер 2000 сағат аянбай тер төккен деседі.