Батырхан Шүкеновтің мұрасы

Сообщить о проблеме с эфиром

Батырхан Шүкеновтің әндері әлі күнге дейін ел есінде. Жас музыканттар Батырдың репертуарын жаңғыртып, енді оркестрдің сүйемелдеуімен тыңдарманға ұсынбақ ниетті.

Батырхан Шүкенов мектеп қабырғасынан музыка үйірмесіне қатысып, кейін жоғарғы оқу орнында саксафон бөлімінде оқиды. Осы аспаптың құлағында ойнаған Батырдың өнерін жалғастырып, үрмелі аспаптарды таңдаған жас өнерпаздарға қашан да қолдау көрсетуге дайынбыз, дейді Бауыржан Шүкенов.

Бауыржан Шүкенов, «Батырхан Шүкенов» атындағы қордың өкілі:

-Бұл сайыста өзін көрсете білген қатысушыларға, жарайсың дер едім. Уақыт тапшылығына қарамастан, ауқымды шара биік деңгейде өтті. Шетелдік сарапшылардың, қатаң талаптарына сай бола білгендеріне қуандым.

Саксофон, флейта, гобой, кларнет және фагот. Дәл осы бес түрлі аспаптың ішіндегі үздік орындаушыны анықтау – шетелден келген музыканттарға жүктелген.

Байқаудың жүлдеқоры – 5 млн теңгені құрайды. Үздік деп танылған талантты өнерпаздар Батырдың туындыларын жаңғыртып қана қоймай, алдағы уақытта арнайы концерт те ұйымдастырмақ. Әр аймақтан келген 43 қатысушының ішінен, гобойда ойнайтын астаналық өнерпаз бірінші орынды еншіледі.

Алмат Жайлаубаев, жеңімпаз (Астана)

-Жұмыс істеймін, сол себептен дайындалу және жұмыспен бәрін біріктіру өте қиын болды уақыт аз. Екі ай бұрын естіп, бір ай қалғанда уақыт көп бөліп, бар күш-жігеріммен дайындалдым.

Аталмыш байқаудың марапаттау кешінде – шетелден келген сарапшылар да өз өнерін көрсетті. Танымал музыканттар үрмелі аспаптардың үнінен ерекше шабыт алғанын айтады.

Кристиан Элин, саксафоншы (Германия)

-Менің ойымша осы шараға қатысқан музыканттар, өздерін әлемдік деңгейде көрсете алады. Тек мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.

Мен Батырмен жеке таныс болмасам да, оның музыкасын ести алдым. Оны жеткізе білген өнерпаздарға алғысым шексіз.

«Батырхан Шүкенов» атындағы қор жастарға мүмкіндік сыйлайтын бұл тектес жобаларды жалғастырмақ ниетте.