Аяғы ауыр шоу-бизнес сұлулары

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнесте еңбектеніп, жеке кәсібін дөңгелетіп, жанұясына да көңіл бөле білетін отандық жұлдыздардың жеке өмірінде де – жағымды жаңалықтары жетерлік. Мәселен, «Қазақстан аруы-2013» байқауының жеңімпазы Айдай Исаева, дүйім жұрттан сүйінші сұрады!

Айдай Исаева, бизнесвумен:

-Иә, жағымды жаңалық бар. Аллаға шүкір екінші рет ана атанайын деп жатырмын. Әрбір қыз балаға бұйырсын. Міне, сондықтан да көрген адамдарға көз тимесін деп айтайын.

Әр күні тығыз кестеге түзілген Айдай, декреттік демалысында да тыным таппай тер төгуге әзір.

Айдай Исаева, бизнесвумен:

-Негізінде жүкті әйелдер көбінесе бір тірлік жасағысы келеді. Екіншіден шығармашылық жұмыстармен айналысқысы келеді. Енді мен де құр қарап отырмаймын әрине. Мен жүкті екенмін деп, жүктілік ауру емес ешқандай. Керісінше құлшынысың пайда болады.

Айтпақшы, әнші Арапбаеваның да ай-күні жақын! Бар өмірін сахнаға арнаған Маржан да, ұзақ уақыт декреттік демалыста отыруды қаламайды.

Маржан Арапбаева, әнші:

-Кетем бе деген үміттемін. Бірақ кете алмайтын секілдімін. Кетсем де бір алысқа емес, ұзаққа емес. Өйткені өнер адамына өте қиын. Шыны керек бір нәрсе жетіспей тұрғандай болады.

Ал, қазір екінші сәбиіне аяғы ауыр Ақбота Сейітмағамбет, тұңғышын босанғанға дейін де, кейін де түсірілім алаңынан алшақтаған емес.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Негізі өнер адамдарында декреттік өмір деген жоқ. Көбінесе жүкті кезінде де, босанса да таңнан кешке дейін сол түсірілім алаңында жүреді. Барлығымыз сондаймыз. Менде енді декреттік өмір айтарлықтай жоқ. Босанатын кезде бір апта ғана демалмасам!

Сондай-ақ, сәби күтіп жүрген жұлдыздардың қатарында - «Аюмидің» қос әншісі – Айдана мен Әсел және актриса Айнұр Ілиясова бар.