Селена Гомес табынушыларына шоу сыйлауды қойған. Әнші өзінің жеке өміріндегі қиындықтарымен әлі де күресіп келеді. Селена ем алып шыққаннан кейін, алғаш рет сұхбат берді.
Селена Гомес, өмірдің қиындықтарымен күресуге – жақындарым көмектесті дейді. Әншінің соңғы кезде жүйкесінің жұқаруына, танымалдылықтың жүгі мен елдің қауесет сөздері әсер еткен. Ару бұдан-былай төзімді болып, өз-өзін қолға алмақ. Басты мақсаты – тыңдармандарын тың туындыларымен қуанту.
Әлемге танылған жас музыкант Шон Мендес, алдағы жоспарларымен бөлісті. Талантты өнерпаз, келер жылға жоспарланған ән сапары аясында жүзге жуық қаланы араламақ. Канадалық бозбала, тыңдарманым тек шығармашылығыма қызықса дейді. Ал жеке өміріне бас сұққандарын қаламайды.
Режиссер Квентин Тарантино, алғаш рет шаңырақ көтерді. 55-ке келген ел ағасы израильдық әнші және сәнбике – 35 жасар Даниэла Пикке үйленген. Айтулы күнді жақындарымен атап өткен ғашықтар, 9 жыл бұрын түсірілім алаңында танысыпты. Өзінің өмірлік жарын ұзақ іздеген киногер, бұған дейін Мира Сорвино және София Коппола сынды актрисалармен көңіл жарастырған еді.