Астанада Kazakhstan Fashion Week басталды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Астанада сән саласының өкілдері бас қосқан Kazakhstan Fashion Week басталды. Мерекеде отандық танымал дизайнерлермен қатар, шетелдік фэшн әлемінің мамандары бой көрсетті. Тек бұл жолы шараның шымылдығын түру мәртебесі – жас талантарға бұйырыпты.

Сән апталығы «Fashion For Future» байқауының финалымен ашылды. Талантты әрі жас дизайнерлерге мол мүмкіндік берілген сән сайысының іріктеуіне, көптеген елден 600-дей өтініш жолданып, оның тек 14-і ақтық сыннан табылды.

Аталмыш конкурс Еуропалық дизайн институымен бірігіп өткізілді. Жеңімпаз атанған жас сәнгер Азамат Ғазизов, Милан қаласында тәжірбиесін жетілдіруге арналған жолдаманың иесі атанды. Бұл жүлдені жобаның басты әріптесі - Crystal AG компаниялар тобы табыстайды.

Қорлан Мәди, сәнбике:

-Kazakhstan Fashion Week жас талантты дизайнерлер үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі осы шара арқылы шетелдік мамандарға өздерінің өнерін көрсетіп, таныла алады деп ойлаймын.

Ал, кеш меймандары арасында: KFW-ның негізін қалаушы – Ирина Байжанова, танымал дизайнерлер: Аида Қауменова мен Ольга Ким, Еуропада туған жерін танытып жүрген сәнбике Қорлан Мәди де бар. Әсемдік мерекесінде енді шетелдік брендттер де өз топтамаларын ұсынатын болады.

Марта Берзкална, « Baronessa Demi-Couture» брендінің дизайнері:

-Біз сән апталығында «Dragon Fly» топтамасын таныстырамыз. Сенесіздер ме, мен инеліктерден шабыт алдым. Бисерлермен әрленген киімдеріміздің барлығы қолдан тігілген. Сәнқойларға ұнайды деген үміттеміз.

Үш күнге созылатын фэшн шарада 17 дизайнер жаңа коллекцияларын таныстырмақ. Оның ішінде Ресей, Италия, Грузия, Бельгия елдерінің сән майталмандары да бой көрсетеді.