«Бақытсыздар бағы» үшін тойдан қалдым

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар болса бүгінде "Бақытсыздар бағы" телеxикаясында тер төгіп жүр. Олар өз рөлін ойдағыдай алып шығу үшін, түрлі құрбандыққа баруда. Мәселен, Дана Кентай табыс әкелетін талай тойдан бас тартқан көрінеді.

Дана Кентай «Бақытсыздар бағы» телехикаясына түсіп, актерлық салаға алғаш қадам жасады. Өнерде өзін жаңа қырынан сынап жатқан әнші, түсірілім алаңында қиналып жүргенін жасырмайды.

Дана Кентай, әнші:

-Бұл жерде таңғы алтыда тұрып, кәдімгі жұмысқа сияқты келіп, кейде түңгі он екіге дейін түсіретін кездер болады. Он сағаттап, он екі сағаттап. Қазір енді-енді үйреніп келе жатырмын, бірақ басында өте қиын болды. Ұйқы жағынан да, денсаулық жағынан да әсер етті.

Картинаға қатысу – Дананың қалтасын аздап жұқартқан көрінеді. Мәселен, тығыз кестеге түзілген түсірілім үшін, жас әнші талай той-толамақтан бас тартқан.

Дана Кентай, әнші:

-Көп жерлерге бармай қалдым, шықпай қалдым шыны керек. Демалыс күндерім болып тұрады, демалыс күндерінде басқа телехикаяларды қарап, қалай ойнайды деген сияқты тәжірибемді көбейтіп жатырмын.

Алайда, актрисалық шеберлігін шыңдауға кіріскен Кентайдың телехикаядағы рөлі туған-туысқандарына жақпай жүрсе керек.

Дана Кентай, әнші:

-Ата-анама қызық болып жатыр. Қызым, неге Ботагөздің образын ойнамадың, неге биязы жақсы қыздың образын ойнамадың дейді. Мен айтам маған берген, бұйырған рөлі сол деп. Өйткені кастинге бардым, кастингтен өттім.

Жағымсыз жанның кейпін жақсы көрсете білгенім – мен үшін үлкен жетістік дейді әнші. Ал, көрермен қауым Ақмаралдың бастан кешкендерін дүйсенбі мен бейсенбі аралығы, НТК арнасы ұсынған «Бақтысыздар бағы» телехикаясынан тамашалай алмақ!