Сон Паскаль q-pop өкілдерімен – бәсекелес!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ тілінде ән шырқап танымал болған итальяндық музыкант - Сон Паскаль шығармашылығын қайта қолға алды. Таланты өнерпаз тіпті, сахнаны жаулап жатқан кью-поп өкілдерімен бәсекелес атанбақ.

Сон Паскальдың соңғы туындысының жарық көргеніне екі жылдан асты. Италия тумасы шығармашылықты тоқтата тұруыма отбасылық жағдай кедергі болды дейді. Енді өнерді қайта қолған алған әнші, бірден үш трекке жаңа бейнебаян таспалап, тыңдармандарын қуантпақ.

Son Paskal, әнші:

-Мен біраз кідіріп қалғанымды сездім. Көп жаңалықтан қалып қалғандай болдым. Себебі, Қазақстанның шоу-бизнесі даму үстінде. Мен болмаған уақыттың ішінде, көп нәрсе өзгеріп кетіпті.

Сон Паскаль енді орыс тілінде ән шырқап, Ресейде де өзінің бағын сынап көрмек ниетте. Әнші «Скачки» атты трегінің бейнебаянын түсіруге қызу кірісіп кеткен. Музыкант бұл туындысын талантты жас режиссерларға сеніп тапсырыпты.

Son Paskal, әнші:

– Бейнебаянды Алматы түсіру арзан болғандықтан, осылай деп шештім. Және жас талантты режиссерлар көп. Мысалы Айсұлтан, Ресейге де танымал. Бекентай Әжібековтың командасы өте сапалы дүниелер жасап шығарады.

Сонның дәл осы клипіне жетекшілік ету - Бекентай Әжібековке бұйырған. Талантты клипмейкер Ғалымжан Молданазардың - «Есімде бәрі» бейнебаянын таспалаған еді.

Паскаль Италияда тұрақтағанымен, Қазақстандағы жаңалықтардан әрдайым хабардар болып отырамын дейді. Сері, тіпті жас өнерпаздарды өз бәсекелесі көретінін де жасырмайды.

Son Paskal, әнші:

-Менің ойымша әрине қазіргі таңда q-pop жанры трендте. «Ninety One», «Mdee», «Dequine», Әсия Оспанова сынды өнерпаздар бар. Менің кезімде той әндерін шырқайтын Қайрат Нұртас қана бар еді.

Итальяндық өнерпаз әзірлеп жатқан бейнебаян, 2019-жылдың басында жарық көрмек. Әншінің 13 тректен тұратын жаңа альбомы да даяр екен.