Мәдина Сәдуақасова жетістігін айтып мақтанды...

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәдуақасова үшін биыл жемісті жылдардың бірі екен. Әншінің сөзінше шабытың сарқылмай еңбектенсең, артында мол зейнет күтіп тұр. 2018-де дамыл таппай тер төккен Мәдина, мансабындағы рекордын айтып мақтанып та алды.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Мен осы жылда, бір жылдың ішінде 23 ән жазған екенмін. Оның ішінде дуэттер бар, басқа бар. Олай болған жоқ менде. Бір жылда 2-3 немесе 5 ән жазылса сол мен үшін рекорд болатын.

2014-жылы тұрмысқа шығып, кейін декреттік демалысқа кеткен әнші сол кезеңдерде шығармашылық үзіліс алған еді. Қазіргі таңда осы олқылықтың орнын толтырған Мәдинаның жұмысы, енді тығыз кестеден тұрады. Өйткені, сұранысқа ие Сәдуақасованың уақыты үйден гөрі, түзде көп өтеді екен.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Өзі сондай бір кезең болады шығармашылық адамында. Көтеріліп тұрған кезде, сондай бір шабыт келіп тұрған кезде... Сондықтан тоқтатпау керек деп ойлаймын.

Иә, танымал әнші шығармашылық жолдағы ізденісін тоқтатпақ емес. Соңғы 12 айда 23 тректің тұсауын кесіп және бір жыл ішінде 5 бірдей бейнеян таспалаған. Ал, дәл қазіргі кадрлар – кезекті клиптің түсірілімі. «Алматы сити» деп аталатын видеода, алып мегополис тұрғындарының, қала меймандарына көрсеткен риясыз ілтипаты суреттеледі.

Осы күнге дейін ел музыканттарының туындыларын орындап келген Мәдина, келешекте айыр қалпақты ағайындардың композиторларымен шығармашылық тандем орнатпақ ниетте.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Қырғыз бауырларымыздың әндерін де көру керек деп, тез арада бір апта бұрын ән шықты, екі-үш күннен кейін бейнеклип түсіреміз деп режиссерлармен кездестік. Мінекей бейнебаян түсіріледі. Келесі аптада келесі аптада, Құдай қаласа эфирде!

Сондай-ақ, Сәдуақасова жуық арада ресейлік сазгерлермен де жұмыс істеп көруді жоспарлап жүр.