Жұлдызды жұптардың романтикасы.

Сообщить о проблеме с эфиром

Он жылын декреттік демалысқа арнаған Зарина Омарованың, көпшілікке беймәлім құпиясы көп-ақ! Бұл жолы бикеш жұбайы екеуінің жұрттан жасырған жұмбағын жария етті. Ерлі-зайыптылар әр аптаның соңғы күнін романтикалық кездесуге арнайды екен.

Омарова отағасымен осыдан 10 жыл бұрын танысып, кейін екі жас шаңырақ көтереді. Зарина осы уақыт ішінде қайын жұртына ұлды да, қызды да сыйлады. Әнші бикешке жолдасының да құрметі шексіз. Сондықтан болар, бақытты жұп демалыс күндері романтикалық кеш ұйымдастырады.

Зарина Омарова, әнші:

-Енді балаларымыз кішкене өсіп қалды ғой. Үлкеніміз ата-әжесіне барады, кішкентайы да. Жолдасым екеуміз үйде отырып, шампанское ішіп деген сияқты. Сондай бір-бірімізге жылы сөз айтып... Мен ойлаймын оның бәрі керек. Енді біз әйел адамдар құлақпен жақсы көреміз. Соны естіп алуымыз керек.

Ал отбасылық өмірде 22 жылдық тәжірибесі бар Жанболат пен Жазираны да бұл тақырып соңғы кездері жиі мазалап жүр.

Жазира Байырбекова, әнші:

-Жас кезде барлық ауыртпалық өтіп кетті, Аллаға шүкір! Қазір біз енді романтикаға келе жатырмыз!

Бір қызығы 20 жыл бұрын отағасы атанған Мұқасан Шахзадаев, өзіне төрт ұл сыйлаған сүйіктісін әлі бірде-бір рет романтикалық кездесуге шақырмаған. Бірақ, таяу күндері жұбайын тосын сыймен қуантуды жоспарлап жүр.

Мұқасан Шахзадаев, әнші:

-Осы жақында ғана менің ойыма келген... Осы 2-3 күннен кейін келіншегімді бір жеке романтикалық кешке шақырмақшымын!

Жұмысы тығыз кестеден тұрса да, Майғазиев мырза жұбайына көңіл бөлуді естен шығарған емес. Былтыр Сәкен мен Динара отбасылық одақтың 20 жылдығын Алматыдағы зәулім сарайдың 30-шы қабатында атап өткені еді.

 , «МузАрт» тобының әншісі:

-Қырықтан асып, барлығын мойындап, беріліп қойған жігіт екен деп ойламасын. Біріншіден – шын адал жарыма деген құрметім! Екеуміз бір адам болып кеттік деп айтсақ болады!