Ләйлә Сұлтанқызы атынан жалған жарнама.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ләйлә Сұлтанқызына танымалдылықтың кері әсері тиіп жүр! Елге әйгілі тележүргізушінің сөзінше, оның атынан жалған жарнама жасаушылар көбейіп кеткен көрінеді. «Бір өкініштісі, жауаптыларды жазалау қолымнан келмейді» - дейді ол.

«Ләйлә Сұлтанқызының салмақ тастау құпиясы». Ғаламторда дәл осы тіркестермен қатар жүретін арықтататын дәрілердің көптігінен көз сүрінеді. Алайда, танымал тележүргізуші өзінің суреттерімен жарнамаланып жатқан түрлі қоспаларға сенбеуге шақырды. Өкінішке қарай, жалған ақпарат таратушылармен күресуге қауқарсызбын дейді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Күресу өте қиын. Соңын таппайсың, оны бәрі біледі соңын таппайтынын. Оның артында тұрған адамдарды білмейді ешкім. Байқошқарова паразитті емдейтін дәріні жарнамаласа, мысалы, өзіңіз де сенесіз ғой Байқошқарова ешқашан паразитті емдемейтінін. Ол эко немесе гинекология жағынан дәрігер емес пе.

Сұлтанқызы сынды, Гүлназ Жоланованың атын жамылатындар да жетерлік. Алайда, актриса жалған жарнама жасаушыларға ашық айқас жариялауға әзір.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Менің суретімді алып, бір магазиндер жарнамалап жатқан немесе қазақи дәстүрлерді жарнамалап жатады суретімен. Кез-келген парақша болсын, магазин болсын, біріншіден менің рұқсатымды алу керек деп ойламын.

Жоланованың әріптесі Динара, кінәлілерді жазалау немесе жазаламау жарнаманың мазмұнына байланысты дейді.

Динара Бақтыбаева, актриса:

-Менің туған қалам Атырауда бір фотоссесиямның суреті қолданылған биллбордты байқадым. Алайда, онда жарнама емес, «біз нашақорлыққа қарсымыз деген» әлеуметтік тақырыптағы үндеу болды. Сондықтан ештеме демедім. Бірақ, рұқсатсыз мұндай қадамға бару дұрыс емес.

«Ең бастысы, жалған жарнама қарпайым халыққа кесірін тигізбесе болды» дейді жұлдыздар. Сондықтан олар, жанкүйерлерін абай болуға шақырды.