Дәурен мен Ақбота «ашық сахналардан» бас тартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл бойы жұрт назарында жүрген Дәурен мен Ақбота, бұдан былай әр қадамын аңдып басуға бекінген. Бұрын сценарий көңіліне жақса, бірден түсірілім алаңына қарай аяңдайтын атышулы жұп, енді таңдап-талғап баратын болыпты. Ал, «ашық сахналар» ұсынылса, бірден бас тартады екен.

Иә, дәл осындай сахналар Дәурен үшін көзден бұлбұлдай ұшты. Заңды некесін қиғанға дейін аймаласудан тайсалмайтын актерды Сейітмағамбет сабасына түсірген секілді. Атышулы Айдарқұловтың киноиндустриядағы әр қадамы енді Ақботаның жіті қадағалауында болмақ.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Ақботамен шынымды айтсам келісеміз кәдімгідей. Осындай бір ұсыныс болып жатыр. Сосын екеуміз бір-бірімізден сценарий сұрап аламыз. Сценарий қандай? Сценарий мынадай. Әр түрлі мынандай-мынандай сахналар жоқ па? Жоқ! Егер бар болып қалса, онда оны жоқ қылуға тырысамыз.

Кей кездері ақкөңіл Ақбота аңдамай рұқсатын бергенімен, соңында сан соғып қалған. Бірақ сәт сайын жиі қоңырау шалып, түсірілім алаңындағы Айдарқұловтың мазасын алудан басқа амалы қалмаған.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Жаным, күнім, айым, түнім деп жатады ғой. Сондай сахналары болып жатыр ма екен деп шамалы қызғанамын. Хабарласып, ватсаптан смс-тер жазып отырамын. Бірақ көбінесе видеоқоңыраулар.

Актер Нұржан Тұтовтың да жұбайы актриса! Отағасы түсірілім жайлы кез-келген ұсыныста әйелінің айтқанымен жүреді.

Нұржан Тұтов, актер:

-Ойбай, онсыз қадам баса алмаймын. Сонымен ақылдасам, әйтеуір кеңесемін. Соны ақыл-кеңесімен жүреміз!

Сонымен қатар, Жұлдыз Өмірғали де актрисалық мансабындағы әр жобаның желісін, жолдасы Айқын екеуі алдын-ала талқыға салады екен.