Отандық шоу-бизнес кеңістігінде тағы бір жаңа жұп. Бұл жолы бақыттан басы айналған ғашықтар Рүстем Нұржігіт пен Динара Сәтжан. Әнші мен тележүргізуші арасындағы сезімнің тұтануына ерекше сценарий себеп болса керек.
Дәл осындай романтикаға толы махаббат хикаясы Рүстем мен Динараны түсірілім алаңында табыстырды. Басты рөлдегі бикешті сомдайтын Сәтжан, бұл видеода хореграфтың образында екен.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
-Педогогикалық колледжде оқығанда бізде «хореграфия» деген сабақ болған. Балетті, биді өзім жақсы көремін. Сол үшін маған ол қиын болмайды деп ойлаймын.
Өмірде достығы жарасқан жандар, Нұржігіттің жаңа клипінде – ғашықтардың кейпіне енеді.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
-Рүстем мені көріп, көзі жанып... Менің артымнан келеді. Содан кейінгі сценариді мен айтпай-ақ қояйын. Содан кейін өздеріңіз көресіздер деп ойлаймын.
Сәтжан сценариді сыр қылып сақтауға тырысқанымен, Рүстем оқиға желісінің жалғасын жасыруға құлықты емес.
Рүстем Нұржігіт, әнші:
-Динараны сырттай ұнатып, жалпы Динараның хореграф, мұғалім ретінде басқа адамдарға сабақ бергенін ұнатып, жүріс-тұрысына қарап, бара-бара кәдімгідей ғашық болып қаламын.
Осылайша сезімі селт еткен сері, биші бикештің назарын аудару үшін түрлі қадамдарға барады. Бұл бейнебаянға кіші Беделханның командасы режиссерлық етуде. «Ерекше оқиғаға құрылған сценарий, шағын-фильм іспеттес», - дейді Есболат.
Есболат Беделхан, режиссер:
-Біз көркем фильмдерді қарап, соларға ұқсастық болсын деп шешкенбіз. Сондықтан да бұл жерде комедиялық жағы бар, романтикалық жағы бар. Өзіміздің қалауымыз бойынша ерекше түсірмекшіміз.
«Өзіңнен басқа» - Рүстемнің жаңа туындысына таңдалған трек. Қос ғашықтың өмірін суреттейтін клип осы айдың соңында жарыққа шығады.