Серік сынды жеке әнші болуды қалаған Асхат Жалғабай, о баста Ерболат Беделханнан тәлім алған екен. Енді q-pop орындаушы, продюсерден үйренгенін өз мансабын дамыту үшін қолданбақ.
Асхат Жалғабай алғашында осы «Stereo E» тобында өнер көрсеткен. Екі жігіттен құралған ұжым 2017 жылы «Bilem’Go» әніне алғашқы бейнебаян таспалайды.
Асхат Жалғабай, әнші:
-Бір жыл ғұмыр өмір сүрді ол топ. Кейіннен ол проектіміз кішкене аса қатты танымалдылыққа ие болмаған соң, шешімге келдік мен жалғыз солис болуыма.
Бүгінде «AJ» лақап атымен қайта танылуды көздеген Асхат, жеке әнші ретінде бағын сынап жүр. 25 жастағы талантты жігіт, Атырау қаласындағы өнер акедемиясында актер мамандығын тәмамдаған.
Асхат Жалғабай, әнші:
-Мен 2014 жылы Алматы қаласына келіп, біздер «k-top idols» деген жоба болған. «Ninety One» құрылатын кезде. Сол кезден бері Ерболат Беделхан ағайдан сабақ алып, сол жерден бастау алған болатынбыз. Көптеген топтар шығыр жатыр ғой, сол барлық бастаулар сол жерден басталған.
Кью-поп бағытында өнер көрсетіп жүрген музыканттың репертуарында 4 трек пен бір бейнебаяны бар. Әнін сөзін де, мәтінін де өзі жазатын AJ\эй джи түрлі топтарға да шақырту алыпты.
Асхат Жалғабай, әнші:
-Негізі мен бұрыннан топпен жұмыс жасап көргенмін. Сол кезден негізі білемін да, өзімнің мүмкіншілігімді, топпен қалай жұмыс жасау керегін. Маған жеке әртіс болған ыңғайлырақ.
Талантты жігіт осылайша, қазақтың поп музыкасына өз үлесін қосуды көздейді.
Асхат Жалғабай, әнші:
-Жалпы өзімнің негізгі мақсатым – қазіргі жастар негізі шетелдік әндерді тыңдайды ғой, сол себепті сол шетелдің әндерін тыңдағанша, біздің өзіміздің қазақ тілінде жастар тыңдаса екен деген ойдамын.
Ал Асхат «AJ fans» деп аталатын тыңдармандарына арнап, жақын арада «Үш-төрт-бес» атты трегін жарыққа шығармақ.