«Патша заңға бағынбайды» фильмінің тұсауы кесілді

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелдік киногерлер комедия емес, салмақты туындылар арқылы қалталарын қалыңдатуға құлықты! Лондонда көптен күткен «Патша заңға бағынбайды» фильмінің тұсауы кесілді. Тарихи лентада патшаның рөлін сомдау - актер Крис Пайнға бұйырған еді.

Су жаңа лентаға шотландық монарх Роберт Брюстің ерлігі негіз болған. Басшылық қызметке тағайындалған ол, елін Англиядан азат ету үшін бар күшін сарп етіп, өз өмірін ұлы жеңіске алмастыруға дейін барады. Батырлық, сұм соғыс, тәуелсіздік үшін күрес...

Тарих бетін парақтаған салмақты лентаны таспалауда үлкен жауапкершілік Крис Пайнның мойнына жүктелген. Актерге аталмыш фильмде патшаның рөлі бұйырған еді.

Крис Пайн, актер:

-Лентаға Шотландияның тәуелсіздігі тақырыбы негіз болғаны сөзсіз. Алайда, одан бөлек, фильм зорлық-зомбылық мәселен көрсетуге тырысқан.

Ал, тың туындының тұсаукесеріне түсірілім тобы түгелдей жиналды. Қызыл кілемде төбе көрсетіп, камера алдында бой түзеген актерлер жұмыс барысындаға түрлі қызықтарымен де бөлісті.

Тони Карран, актер:

-Білесіздер ме, түсірілім кезі барлығымыз үшін өте қызық болды. Сақалды актерлер, қару құралдары, ерекше образдар. Тіпті, таңданып бір-бірімізден мынау не деп сұраған сәттер де болды.

Аарон Тейлор-Джонсон, актер:

-Уақыттымыздың басым бөлігін ас үстінде өткіздік. Табиғат аясы, сақалды жігіттер, қысқасы сол атмосфераны айтып жеткізу мүмкін емес.

Netflix ұсынған тарихи картина 9-қарашадан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ