Голливудтың үлгілі жұбының бірі - Ченнинг Татум мен Дженна Деван заңды түрде ажыраспақ. Танымал жұлдыздар енді қайта қосылмаймыз дейді. Себебі, Дженна өзге жігітпен көңіл жарастырып үлгерген.
Дженна Деван, 43 жастағы актер, әрі музыкант - Стив Казимен бірге түрлі кештерде уақыт өткізуде. Сері «Нэшвилл», «Ұятсыздар» атты телехикаялар арқылы танылған. Дженна, экс-күйеуі Ченнинг Татуммен ресми түрде әлі де ажырпаса да, жеке өмірін қолға алуды жөн көріпті. Инсайдерлердің айтуынша, Стивпен бірге актрисаның жүзі бақыттан балбұл жанып жүр.
***
Роберт Паттинсон да өзінің ғашығын кездестірді. Актер өнердегі әріптесі Брэдли Купердің экс-сүйіктісі - Сьюки Уотерхауспен көңіл қосқан. 26 жастағы сәнбике мен Роберт, романтикалық кездесудің бірінде папарацци көзіне түсіпті. Жұптың қарым-қатынас құрғанына бірінеше ай болған деседі.
***
Криштиану Роналду «Реал Мадрид» клубынан неге кеткені жайлы алғаш рет сырын ашты. Танымал спортшының, 10 жылдай доп тепкен командамен қош айтысуына, әріптестерінің өзіне деген жайсыз көзқарасы себеп болған екен. «Ұжымда оқшауланып қала бердім, өйткені алғашқы кездегідей көңіл аудару жоқ» деген Криштину, бүгінде «Ювентус» сапында доп теуіп жүр.