Қайрат Ахметов UFC жауынгерін жекпе-жекке шақырды

Сообщить о проблеме с эфиром

ONE FC тұжырымының экс-чемпионы Қайрат Ахметов, кезіндегі атақты UFC сарбазын жекпе-жекке шақырды. «Ұлы Тышқан» деген лақап атымен әйгілі болған - Деметриус Джонсон, енді ONE FC-де өнер көрсетпек екен.

Қайрат Ахметов, ONE FC тұжырымының экс-чемпионы:

Қазіргі Альварес секілді, Деметриус секілді UFC боецтерін нетіп жатыр, қазіргі рейтингте үштікте ONE FC ілініп тұр. Сол себепті олармен екінші контрактіме қол қоятын боламын бұйыртса. UFC өз алдыме келіп отыр. UFC-дің 57 келідегі боецтерінің бәрі6 бізге келетін болды ONE FC-ға.

2012 жылы UFC тұжырымының чемпиондық белбеуін жаулап алған соң, 12 жекпе-жек бойы оны абыромен қорғап келген Деметриус Джонсон, заманауи ММА-дің ұлы сарбаздарының бірі саналады. Тек осы жылдың 4-тамызында

«Ұлы тышқан» ұпайы санымен Генри Сухедоға ұталған еді.

UFC промоушені 57 келі салмақ дережесін қысқартуға ұшыратқан соң, Қайрат Ахметовтың айы оңынан туды деуге болады. Қазір ONE FC тұжырымына ауысу туралы келіссөз жүргізіп жатқан Деметриусты, сол ұйымның экс-чемпионы «Қазақ» сегізбұрышта қарсы алуға дайын.

Қайрат Ахметов, ONE FC тұжырымының экс-чемпионы:

-Дауыс беруден бірінші орынды алып тұрмыз. Қазір дегенмен 50-50 болып тұр. Не шығамыз, немесе Адреано Мораеспен, филиппиндікті қояды. Үшеуміздің біреуімізді нақты қояды, жақын арада деп ойлаймын. Келесі жылдың январь айына қалады, әрекет істеп жатырмыз. Әрине, Деметриус Джонспен жекпе-жекке шығып, өзімді жақсы жағымнан көрсетсем деген ойым бар.

Өмірімдегі басты айқасыма тас-түйін дайынмын деген Қайрат Ахметов қазір жаттығу жұмыстарына қызу кіріскен. ONE FC өкілдері Деметриус Джонсонмен жекпе-жеке мүмкіндік берсе, Қайрат бар қауқарын көрсетпек. Және бұл кездесу үшін де алатын ақшасы қомақтырақ болмақ.

Қайрат Ахметов, ONE FC тұжырымының экс-чемпионы:

– Соңғы жекпе-жегімде бізге оны айтуға болмайды, дегенмен 20-30 мың доллар аралығында жекпе-жегім. Деметируспен кездескен жағдайда, менің ойымша 50-100 ортасы деп ойлаймын. 100 мың доллар көлемінде жекпе-жекке шығып жүрген боецтер, жоқ Қазақстанда.