«Ұлы дала комедиясы» тағы да үздік!

Сообщить о проблеме с эфиром

Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала баласы» алғашқы аптада көш бастаған еді. Енді қатарға Ерке Есмаханның да тырнақалды туындысы қосылды. Қай әншінің фильмі өткен уик-эндте үздік шықты?

Ticketon.kz -тың сараптамасы бойынша, отандық прокатта өткен уик-эндте көш бастаған «Смолфут» анимациялық туындысы. Лента 101 млн теңге пайдаға кенелді. Мультфильмнің басты кейіпкерін дыбыстаған - актер Ченнинг Татумның өзі.

60 млн-ға жуық пайдамен актер Киану Ривздың, «Репродукция» фильмі екінші орында. Фантастикаға толы туынды, жол-көлік апатынан соң отбасынан айрылатын биолог ғалым жайлы. Өмірінің мәні қалмағанын сезген ол, заманауи технологиялардың көмегімен жанұясын қайта тірілтуге тырысады. Оның бұл шешімінің арты жақсылыққа әкелмейді.

Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала комедиясы» айналымдағы екінші аптада, 44 млн-нан аса қаражатпен үштікті түйіндеді. Атышулы жұлдыздың, актерлық қабілетін сынаған тұңғыш туындысы, тікелей өз шығарамашылығына қатысты. Өмірін түрлі хикаямен байланыстырған Төреш, комедия арқылы жұлдыз болудың оңай еместігін жеткізгісі келгендей.

Ал, алғаш рет продюсерлықты қолға алып, актриса атанған Ерке Есмаханның «Махаббат кафесі», көрерменге жол тартып, өткен демалыста 10 млн-ға жауық теңгеге қоржынын толтырып, үздік бестікке бір саты жетпей қалды.

Ерке Есмахан, әнші

-Енді негізі байқасаңыз қазақша өте көп, барлығы қазақ салт-дәстүрмен түсірілген. Сондықтан да, халық келеді көреді деп ойлаймын, үмітім бар.