Отандық киногерлер болса, ең ұзақ телехикая түсіріп көзге түсуге ниетті! Қазақстанда тұңғыш рет 120 бөлімнен тұратын ең көлемді туынды көрерменге жол тартуға әзір! «Бақытсыздар бағы» деп аталатын жоба НТК арнасының тікелей қолдауымен таспаланған еді.
«Бақтысыздар бағы» - махаббат пен оның жолындағы түрлі тартысты негіз еткен, шытырманға толы отандық телехикая болмақ. Қос ғашық Рүстем мен Ботакөз ата-анасының жіберген қателіктері үшін өмірдің кедергіге толы жолымен жүріп өтуге мәжбүр. Ауылдан келе сала, қисынсыз жайтқа тап болған Ботакөз, сүйгенінің қаны бір ағасы екенін де білмейді.
Су жаңа телехикаяның басты ерекшелігі – тартымды сценариі ғана емес. Одан бөлек, көрермендер телетуынды кейіпкерлерін 4 маусым бойы өз назарында ұстамақ.
Анаргүл Ыдырысова, режиссер:
-Сериалдың ерекшелігі, Қазақстанда болмаған формат, 120 серия, 70 минуттан деген оңай емес. Және де бұл жерде қозғалатын тақырыптардың көптілігі және маңыздылығы.
НТК арнасы ұсынып отырған тың жобаның актерлық құрамы да өзгеше. Лентада Жұлдыз Өмірғали, Дана Кентай сынды өнерпаздарды байқауға болады.
Ал, ең ұзақ форматта тұңғыш рет таспаланып отырған отандық телетуынды 29-қазаннан бастап көрерменге жол тартады. Телехикая дүйсенбі мен бейсенбі күндері аралығында сағат 22.20-да НТК арнасында көрсетілмек! Қапы қалмаңыз!