SHINE production кезіндегі «қиын жобасы» - Ерке Есмахан бүгінде жарық жұлдыз! Өзін сан қырынан танытып жүрген ол, енді сәнбике атанбақ. Өнердегі әріптестерімен бірге ерекше лукбукта төбе көрсеткен әнші ару, осылай модельдік мансаптың да дәмін татты.
«Сән және музыка». Дәл осы тақырыпта Harpers Bazaar басылымы жұлдыздардың қатысуымен лукбук ұсынды. Ерекше фотоссесияға опера орындаушысы Зарина Алтынбаевадан бастап, кью-поп өкілдері «Найнти уан» мен Зирузаға дейін қатысқан.
Әли Оқапов, әнші:
– Біріншіден, мен фотоссесияларды онша қатты ұнатпаймын. Өйткені мен үшін ол күрделі, қиын нәрсе. Видео деген бір бөлек, ол жақта билей аласың, ән айта аласың, сөйлей аласың. Ал, фотоссесия өте қиын.
Түрлі түсірілімдерде төбе көрсету Индира Еділбаева үшін керісінше, қиындық тудырмайды. Сондықтан әнші фэшн фотоссесияға қуана келісе кеткен көрінеді.
Индира Еділбаева, әнші:
- Әрине қыз болғандықтан, суретке түскен қатты ұнайды. Менің телефонымда 20 мың фотолар бар. Мен үшін сэлфи, фото істеу ең важный, маңызды. Ал, профессиональный фотоссесияларды жиі істеп тұрамын. Себебі, менің жан досым фотограф.
Әйгілі басылым танымалдар ат салысқан лукбуктың тұсаукесерін өткізген еді. Өнер өкілдерінің бірі өзін жаңа стилде көруге асықса, кейбірі шақырту алған шараға келмей қалды.
Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Ерлан, аталмыш фотоссесияға Зируза да қатысқан екен. Неліктен бүгінгі кешке келген жоқ?
Ерлан Алимов, продюсер:
– Біздің шартымыз бойынша, ол осындай жерлерге келе алмайды. Оның өзінің репетициялары бар. -Енді, мына жерде фотоссесияда жаңа стильде байқадық. Стиль таңдауда араластыңыз ба? – Негізі біз професcионалдарға еркіндік береміз. Бірақ, ашық сондай бір киімдерді кимейміз деп бірден айттық. – Барлық образдары ұнады Зирузаның өте керемет.
Образдарын жаңартқан жұлдыздарға стилистер де өз тарапынан баға беруде.
Жарқын Баймаханов, дизайнер, стилист:
-Мұндағы образдар бір-біріне ұқсамайды. Солардың ішінен Зарина Алтынбаеваны ерекше атап өтер едім.
-Әрине, мұндағы жұлдыздармен мен де жұмыс істеп көргім келеді. Мысалы, Мақпал Исабекова. Одан бөлек, Дильназ Ахмадиеваның стилін өзгертер едім. Меніңше, ол танымал болғандықтан көзге түсетіндей киінуі керек.
Ал, фэшн фотоссесия мен мамандардың кеңесінен кейін, жұлдыздардың басым бөлігі иммиджін ауыстыру жайлы ойға қалғандай.