Әдеттегідей «Britannia Awards» марапаты өз үздіктерін анықтаған еді. Сонымен, шоу-бизнестің ең мықтысы атанған кім?
«Britannia Awards» - кинематография мен телевидение саласында, елеулі еңбегімен көзге түскен шоу-бизнес өкілдерін марапаттауға бағытталған шара. Айтулы жүлде 1989-жылдан бастап дәстүрлі түрде табысталып келеді. Өзге кештермен салыстырғанда, «Британияға» тек шақырту алған санаулы тұлғалар ғана қатыса алады.
Тек таңдаулылар төбе көрсеткен әйгілі шараның жүргізушілік тізгіні бұл жылы Джек Уайтхоллға тапсырылған еді.
Джей Уайтхолл, тележүргізуші, актер:
-Бұл жылы барлығы бұрынғыдан өзгерек болмақ. Себебі, мәртебелі меймандар арасында танымал танатты тұлғалар жетерлік. Соның бірі, менің кумирім – Джим Керри!
Джейдің ғана емес, миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған әзілкеш актер Джим Керри айтулы шарадан құр алақан қайтпады. Өнерпаз комедиядағы жетістігі үшін «Чарли Чаплин» марапатын еншіледі.
Джим Керри, актер, әзілкеш, сценарист:
-Барлықтарыңызға көп рахмет! Питер Фареллиге алғысым зор. Одан бөлек, қызым Джейнге рахмет! Жақындарымның арқасында осында тұрмын. Бақытты екенімді жасырмаймын.
Ал, киносаласына қосқан өлшеусіз еңбегінің арқасында Кейт Бланшет «Стэнли Кубик» атындағы жүлдені алып қайтты.
Кейт Бланшет, актриса:
-Киноәлемдегі менің кумиріме айналған тұлғалар кезінде дәл осы жүлдені алған еді. Енді, міне мен де осы марапатқа лайық деп танылып отырмын. Барлықтарыңызға көп рақмет!
Кіл мықтылар тізімі мұнымен шектелмейді. «Британия Эвордстың» пайымымен Эмилия Кларк «ең үздік британдық актриса» атанса, Марвел студиясының басшысы Кевин Файгиге «ойын-сауық саласындағы әлемдік жетістігі үшін» арнайы марапаты табысталды.