Мөлдір Әуелбекова сынды журналистерге ашылып сұқбат беріп, желіде жазба жариялаған Анастасия Клещенко болса, өкініп жүр! «Амуаж» тобының әншісі отбасымды халық талқысына салғаным дұрыс болмады дейді. Бармақ тістеген әнші, енді көшті кері шегерудің тым кеш екенін енді ұққандай.
Санаулы күндер бұрын «Амуаж» тобының әншісі Анастасия Клещенко өзінің экс-жұбайы Алан Черкасов туралы арнайы пост жариялап, жұрттың қызу пікір-таласын тудырған еді. Оған дейін де Настя, күйеуі екеуінің қарым-қатынасын жанкүйерлеріне ашық бөлісуден жалықпаған еді. Алайда, ару қазіргі сәтте отбасы мәселесін талай рет ел назарына ұсынғаны үшін қатты өкініп жүр.
Анастасия Клещенко, «AMOuAGE» тобының әншісі:
-Иә, Аланға қатысты жазбаны жариялау бұрыннан ойымда болды. Мен өз-өзіммен жұмыс істеп, осындай тоқтамға келген едім. Негізі, бұған дейін артық нәрселер айтып, отбасымның ешкім естімес құпияларын сыртқа шығардым. Сол қылықтарым дұрыс болмады. Өкінішке қарай, адамдарға ақыл бірден келмейді.
Мәдина Сәдуақасоваға да мұндай жағдай өте таныс. Әншінің пікірінше, жанында жүрген жұлдыздардың басым бөлігі әлеуметтік желі арқылы жеке өміріне өзгелерді араластырып жатады. Өнерпаз, әріптестерінің бұл қылығын мүлде құптамайды.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Мысалы, кейде ашуланып, жазып қойып, содан кейін қайтып ұмытып кетіп сондайлар да болып жатады. Және де мен ашулансам немесе ренжісем мен өзіне звондап айта салам. Мен оны инстаграмға салып, не істеймін сыртынан басқа адамдарды қосып.
Мәдинаның айтқандарымен, Диная да толықтай келіседі. Әнші де бірнеше рет «қызу талқыға түскен» ашық жазбалар жариялаған. /фото Ринат көрсетем/ Деген өзін жанұяның тыныс-тіршілігін жарнамалайтын жұлдыздар қатарына қоспайды. Әр қадамымды аңдап басамын дейді ол.
Dinaya, әнші:
-Мен эмоцияшыл адамдар қатарынанмын. Алайда, бірнәрсе істемес бұрын ұзақ ойланамын. Әсіресе ол жеке өмірім мен желідегі жазбаға қатысты болса. Пост жарияладым ба, демек ол менің шешімім, кейіннен ол үшін өкінбеймін.
Сондықтан, Диная өнердегі құрбыларына өзінен үлгі алуға шақырады.