Дрейк 32 жаста!
Дрейктің музыкаға деген қабілеті, барабаншы әкесінен дарыса керек. Ол, рок-н-ролл жанрының өкілі музыкант - Джерри Ли Льюистің командасында қызмет атқарған.
Дрейк 15 жасында, «Деграсси: болашақ ұрпақ» телешоуында, баскетбол жұлдызының рөлін сомдап таныла бастайды. Рэпер, бұл жобада 2009 жылға дейін өнер көрсеткен.
Музыка жазуды сері 2006 жылы қолға алып, алғашқы микстейпін жарыққа шығарды. Талантты жігіттің «Comeback Season» атты екінші туындысы, оған танымалдылық әкелген еді.
Өнерге қадам баса сала музыкантқа қатарынан үш лейбл таласқа түскен. Ал, Дрейктің таңдауы «Young Money Entertainment» ұжымы болды. 2009 жылдан бастап келісім шартқа отырған рэпердің, әрбір әні бірден Биллборд чартына еніп, сонымен қатар түрлі челендждің себепкері атануда.
Бүгінде «Грэмми» марапатының бірнеше жүлдесінің иегері Дрейктің, қайырымдылыққа да жаны құмар. Музыкант өзінің "God's plan" бейнебаянын таспалап жүріп, қарапайым халыққа 1 млн доллар сыйға тартқан еді.