Әуелбекова жұбайымен қосылмайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана ұлының әкесімен ажырасқанын алғаш рет ашып айтқан Әуелбекованың қыр-соңынан қаңқу сөздер қалмай жүр. Желідегілер жұбайымен қайта қосылғанын растайтын видеоны көріп, Мөлдірді отбасына оралды деп топшылаған. Ал, ғаламторда тараған қауесет шындыққа жанаса ма?!

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Ешкіммен кездеспейді. Ешкім де баланы іздемейді. Солай енді басымыздан өтіп жатыр. Енді мен оны не істеймін? Тағдыр болғаннан кейін көнемін. Балам үшін әрі қарай өмір сүремін!

Бұл Мөлдірдің жеке өміріндегі жан сырын алғаш ақтарған сәті! Алайда, дәл осы сұхбаттан соң, Әуелбекованың ұлы мен әкесі кездескен ролик желіге тарады.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Бір рет сол келген кездегісі. Қашан... былтырғы жылы ғой деймін. Кеткеннен кейін... оның барлығы айтылды ғой. Сол кезде бір рет келген кездегі видео. Сол желіге тарады.

Иә, бұл жуырда түсірілген видео емес, өткен жылғы ескі бейнетаспа екен. Ал, ғаламторға кімнің салғаны әлі күнге дейін белгісіз. Әуелбекованың пайымына сенсек, дұшпандарымның бірі деп болжайды.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Енді әр адамның өзінің жанашыры болады. Дұшпаны болады. Дұшпанның табалауынан Алла сақтасын. Шынымды айтсам мен елеген жоқпын. Халық өзі де біледі ғой, мен көп нәрселерді, мен жайлы негативті ақпараттарды елемеймін.

Ұлы мен әкесінің қарым-қатынасы үзілген. Қайын-жұрттан хабар жоқ! Бірақ кеше жұбайынан жылулық көрмеген әнші бикешті, қазір халқы қолдап жатқан көрінеді.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Ешқандай өзгеріс жоқ. Халық білді. Қолдап жатыр. Көбіне баталарын беріп жатыр. Біз өзі қазақ халқы кішкене жанашыр болғаннан кейін жандары ашып, көптеген тілек айтып жатыр. Соның бәрі маған керісінше шабыт беріп жатыр.

Ал, Мөлдірдің ендігі мақсаты – ұлын өсіріп, шығармашылығын шыңдау! Әуелбекова асқақ арманының алдамайтынына сенеді.