Ал, әлемге танылған K-pop өкілдері - BTS-тің фанаттары болса, кумирлері үшін түрлі жанкештілікке баруға әзір. Тіпті, Оли Лондон есімді бозбала, корейлік ұжымның мембері - Чиминге ұқсаймын деп, бет-әлпетіне пластикалық ота жасатудан да тайынбаған.
28 жастағы Лондон, 2013 жылдан бастап BTS-тің жанкүйері екен. Ол әйгілі топ мүшесі Чиминге еліктеп, түрін өзгертуге 100 мың доллардай қаржы жұмсапты. Жақындары қарсылық білдірсе де райынан қатпаған Олидің басты мақсаты - сүйікті мемберіндей болу.