Дәурен мен Ақботаның өмірі хайп па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде хайп пен ақиқаттың ара-жігін ажырату қиынның-қиыны болып тұр. Мәселен, Дәурен мен Ақботаның жеке өміріндегі жаңалықтарды, жұптың тез танылуда қолданған тәсілі деп топшылайды көпшілік. Ал, желдей ескен бұл қауесетпен екеуі келісе ме?!

«Гламур для дур» картинасында басталған махаббат хикаясының кейіпкерлері бір-бірін құлай сүйеді, кейде ашуға берілсе қоштаса салады.

Десек те, қиын күндер өткен шақтың еншісінде. Ең бастысы бүгінде бұл жұп бақытты. Бірақ кейбіреулер Дәурен мен Ақботаның жеке өміріндегі түрлі келеңсіз жайттарды - тез танылудың тәсілі деп түсініпті.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Көп адам ойлайды. Мен басында өзім де олай ойлаған жоқпын. Біздің Ақботамен әр түрлі... сол «хайп» дей берейік. Сол «хайп істеріміз» әдейі болған деп. Шын мәнісінде олай болған жоқ. Өмірдегі болған жағдайларды біз емес, кейбір адамдар желіге салып, неғып жіберді. Ал хайп менің ойымша әдейі істелінетін нәрсе.

 

Айтпақшы, Айқын мен Жұлдыздың да екі жылға жуық жасырған жанұялық жұмбағын жұрт хайпқа балаған. Ал, ақиқатын Төлепберген былай дейді.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Талқыға салғым да келген жоқ. Шығарғым да келген жоқ. Оны өзі басқа адамдар хайп қылып алды. Маған ол хайп емес. Менің ол өмірім. Хайп жасасам мен оның бәрін көрсетіп, ашатын едім. Сондықтан маған хайп керек емес. мен жақсы бір әндеріммен танылғым келеді.

Иә, кезінде батыл образдарымен елді дүрліктерген «91» тобында халық дәл осылай айыптаған еді. Бірақ бастапқыда Беделхан бұлай болар деп болжамаған.

Ерболат Беделхан, продюсер:

-Негізі «91» сол басталғалы хайп та. Өкінішке орай көбі басында жаман жағынан болып кетті. Бірақ, ең бастысы - ішкі дүниеміз, қандай ниетпен бастағанымыз.

Хайп сөзі – атың шықпаса жер өртенің баламасы секілді. Бірақ сәтті қадам - толағай табыстың кепілі дейді Ерболат.

Ерболат Беделхан, продюсер:

-Нақты хайп – бұл елдің аузында жүру мәселесі, елдің назарын аудару. Бірақ оны сіз қалай аударасыз? Жаман жақпен, жақсы жақпен аударасыз ба? Ол сізге байланысты.