Тың бағытымен таңқалдырған отандық Vox Acapella ұжымы да жаңа бейнебаян таспалауда! Алайда, төрт жігіт пен қос арудан құралған топ, өзге жұлдыздардың көмегінсіз-ақ, тыңдарман жүрегін жаулаймыз деп отыр.
Vox Acapellа ұжымы ең алғаш дәл осы «Қадам» атты әнімен шоу-бизнес әлеміне алғашқы қадамын жасаған болатын. Әуезді әсем ән мен ерек бейнебаян көптің көңілінен шыққандай. Кейіннен топ, кезекті «Ай-ай» атты туындысын ел назарына ұсынды. Алайда, содан бері «Вокс акапеллалықтар» шығармашылығына үзіліс жариялаған еді. Топтың ел көзінен тасада болуының өз себебі бар.
Vox Acapella, тобы:
-Біздің топта өзгерістер болды. Өкінішке орай, бізде тағы да қыз ауысты. Аида атты қыз кетіп, денсаулығына байланысты, Алина деген жаңа солисіміз келді. Жұмыс уақытша тоқтатылды өйткені біз қыз іздедік, оны дайындадық. Өйткені, акапелла жанры оңай жанр емес.
Акапелла тыңдарманға таңсықтау жанр болса да, өнерлі жастар өз аудиториясын қалыптастыра білді.
Vox Acapella, тобы:
-Үлкен-үлкен кісілер шақырады. Түсіне алатын. Жоқ, негізінде әртүрлі тыңдармандар көп. Мысалы, акапеллалық әнді орындаған кезде басында осындай қараулар болады да, түсінбей музыка қайдан шығып жатыр дегендей.
Тыңдарманға таңсық бағыт ұсынған Vox Acapella ұжымы, өзге әншілермен дуэт құрмай-ақ, елдің ыстық ықыласын жаулауға ниетті. Топ кезекті бейнебаянын таспалауға кіріскен.
Vox Acapella, тобы:
-Бүгін «Менің қызым болшы» атты әнге клип түсіру үстіндеміз. Қазір міне процесс үстінде. Барлығымыз дайын емеспіз. Жалпы бұл клип жалпы сюжеттік емес. Бұл орысша айтқанда тректі клип болады.