Кристиан Бейл де көп ұзамай көрерменнің сүйіктісіне айналады деген ойдамын! Әйгілі актер төбе көрсеткен «Вице-президент» картинасының су жаңа трейлері жарыққа шықты!
Лентада Кристианның жаңа рөлі үшін бірнеше келі салмақ қосқанын аңғаруға болады. Сюжет желісі бойынша, ол АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейнидің образын сомдайды. Картинада сондай-ақ, «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» туындысындағы ойынымен «Оскарды» жеңіп алған Эми Адамс та басты рөлде. Ал, әйгілі саясаткердің өмірін суреттейтін биографиялық драма желтоқсан айында үлкен экрандарға жол тартпақ.