Төлепов пен Жоланова түскен картина неге үмітті ақтамады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Екі апта бұрын көрерменге жол тартқан қырғыз елінің «Көкпар» картинасы жолда қалды. Қазақ актерлары лентаның кассалық табысына септік бола алмаған. Фильм үздік үштікте де жоқ. Ал көш басында, Кейт Бланшеттің «Сағаты бар үйдің сыры» туындысы.

Фильм 53 млн теңгеден аса пайдамен бірінші орынға жайғасты. Режиссер Элай Ройдың отбасылық алғашқы комедиясы, ағасы Джонатанның, сиқырға толы үйіне тап болатын Льюис есімді бала туралы. Тың туынды түрлі ғажайыптар мен шытырман оқиғаларға толы.

«Аса ауқатты азиалықтар» 22 млн-ға жуық теңгемен екінші сатыда. Мелодрама, жазушы Кевин Кванның 2013 жылы қағазға түскен туындысының негізінде таспаланған. Қарапайым отбасынан шыққан Рейчел Чу, дәулетті әулеттің мұрагерінің жүрегін жаулап алмақ. Алайда, аруды бай жанұяға лайықты емес деп санайтындар да табылмақ.

Көрермендерімен қайта қауышқан, ең танымал комик - Роуэн Аткинсон

«Тыңшы Джонни Инглиштың» үшінші бөлімімен, бұл уик-эндте 21 млн теңгеден аса пайдаға кенелді. Комедияда британдық тыңшы, патша әулетінің намысын қорғамақ. Әрдайым келеңсіз оқиғаларды басынан кешіретін Мистер Бин, жолы болғыштығымен кино сүйер қауымды күлкіге қарық қылуда.