Кендалл Дженнер тұрмысқа шығуды армандап жүр. Танымал сәнбике, тіпті дәл қазір үйленуге де дайын екен. Кардашьяндар әулетінің жұлдызы, отбасылық өмір үшін мансабынан бас тарта ала ма?
22 жастағы Кендалл, өзінің әпкелері сынды, шығармашылық пен отбасылық өмірді қатар алып жүруді қалайды. Тұрмыс құруға асыққан ару, өмірлік серігіне айналатын жанды әлі кездестірмегеніне қапалы. Ал табынушылары болса, сәнбикенің тұрақтылығына күмәнмен қарайды. Оған бикештің, басткетболшы Бен Симмон қарым-қатынасын үзіп үлгермей, Анвар Хадидпен көңіл қосып кеткені себеп болса керек.
Актер Джонни Депп, өзіне зорлық көрсетті деп айып таққан экс-жұбайы Эмбер Хердке жауап берді. Жұлдызды жұп 2015 жылы отау құрып, біраз уақыттан кейін ажырасқан еді. GQ журналына сұхбат берген Джоннидің айтуынша, Эмбер оған жала жапқан. «Мақсаты – менің абыройымды түсіру болды», дейді әйгілі актер.
Брэд Питт өсиетнама жазуды қолға алды. 54 жасқа келген актер, енді бар байлығын балаларына бөліп бермек. Жұлдызды әкенің экс-жұбайы Анджелина Джолимен ортақ 6 баласының әрқайсысы, 18-ге толғаннан кейін, 250 млн долларды құрайтын мұрасына қол жеткізе алады. Брэд өзге дүние-мүлкін де жақындарына қалдыруды көздейді.