Иә, Есболаттың қазіргі жағдайын кезінде Қонарова да басынан өткерген еді. «Рингоның» алғашқы құрамында ән салған Алдан есімді жігіт, продюсерлік орталықтағы өнерпаздардың арасына іріткі салған. Ұстаз бен шәкірті қоштасты. Қазіргі қарым-қатынастары да мәз емес.
Алдан бүгінде өнер әлемінен тыста жүр. Дегенмен, Алуа ханым екеуара сыйластықты күнделікті өмірде жалғастырғысы келген екен. Алайда, «Рингоның» экс-әншісі Қонарованың көңіліне кірбің салған.
Алуа Қонарова, продюсер:
-Мен бір кездері Алданды ұзақ іздеп, кейін таптым. Біздің кеңседе қонақ болды. Таңғы төртке дейін ұзақ әңгімелестік. Оған көмектескім келген еді. Бірақ бір өкініштісі ол мені дұрыс түсінбеген сыңай танытты. Сол сәттен бастап қарым-қатынасымызды үзу керектігін ұқтым. Қазіргі таңда мүлдем хабарласпаймыз!
Алғашқыда Сандамен 7 жылдық келісімшартқа отырған Эрик, қол астындағы арумен соңына дейін жұмыс істей алмады. Былтыр ат-құйрығын үзіскен қос тарап, содан бері әлі күнге жүзбе-жүз кездеспепті. Себебін сұрағанымызда, мардымды жауап ала алмадық!
Эрик Тастембеков, продюсер:
-Себебін айта алмаймын. Бірақ араласпаймыз! Болды!
Баян ханым болса бастапқыда бұрымдыларды күліп қарсы алып, кейін қырғи-қабақ болып қоштасудың шебері. Атышулы Алагөзова «Кешьюдің» 10 жылдық концертінде Мөлдір мен Жанарды тізімнен сызып тастағаны ел есінде!
Баян Алагөзова, продюсер:
-Бұл өмірде барлығы біз ойлағандай бола бермейді ғой. Кейбір сәтте қарым-қатынастың соңы, жақсылықпен аяқталмайды. Сондықтан «Кешьюдің» кешіне Жанар Дұғалова мен Мөлдір Әуелбекова қатыспайды деп шештік...
Бір кездері продюсер Алтынбек Рахметов пен әнші Еркін Мәуленнің де сыйластығына сызат түскен-ді. Абырай болғанда ұстаз бен шәкірт татуласқан сыңайлы. Соңғы кездері олар бірге түскен суреттерін желіге жиі жүктеп жүр.