Отандық өнерпаз The Kitchen Songs та өзінің су жаңа бейнебаяын ұсынбақ. Талантты әнші сонымен қатар, Ресей елін бағындырмақ ниетте. Вокал дип-хаус жанрында ән шырқайтын өнерпаз, шығармашылығын шыңдау үшін өзге мемлекетке аттануға да қарсы емес.
Шоу-бизнеске қадам басқанына екі жыл толған The Kitchen Songsтің, талантына Ресейлік продюсерлер тәнті болған. Жас өнерпаз тіпті бірнеше лейблдардан ұсыныс алыпты. Бірақ бұл әнші жігіттің қазақ тілінде ән шырқауына еш кедергі емес.
The Kitchen Songs, әнші:
-Қазақша өлеңдерді айтып келе жатып, басқа тілге ауысып кеткен дұрыс емес. Бірақ мен қазақ тілін тастап жатқан жоқпын. Қазақша өлеңдерді өзім жақсы көремін, жазып тоқтамаймын. Оның үстінен басқа тілде, орысша да ағылшынша да әндерді қоса бастаймыз.
Ерекше стилімен Ресейлік музыканттардың көзіне түскен өнерпаз, бүгінде орыс тілінде альбом жазуда. Орындаушыға ұсыныс жасаған орталықтардың басты талабы осы екен.
The Kitchen Songs, әнші
-Негізі орысша өлең жазып. Орысша өлең шығару деген ой болған.
Ресей мемлекетінен лейблдардан ұсыныстар бар. Бірақ оның бәрі ықтимал, мүмкін болады. Өз басым ойланып жүрмін.
Біраз уақыт үзіліске кетіп, тыңдармандарын сағындырған музыкант, ала жаздай тынбай еңбек еткен. Жаңа альбом жазумен қатар, The Kitchen Songs «Екеумізге бәрібір» атты трегіне су жаңа бейнебаян таспалапты.
Шығармашылығын шыңдау жолында өзге мемлекеттерді де бағындыруды көздеген Азамат, қазақша ән жазуды да тоқтатпақ емес. Ол үшін түрлі тәжірбиеге де дайын екен.
The Kitchen Songs, әнші
-Негізі өз басым әр түрлі жанрларда эксперимент жақсы көремін. Ең бастысы менің ойымша, жанр емес. Мен үшін ең бастысы ол, қазаққа тән колорит дейміз ғой, атмосфера мен заманауи музыканың қосындысы.