Өнер саласына өлшеусіз үлес қосқан Стинг үшін бүгін елеулі күн! Британдық орындаушы 67 жасқа толды. Әсем әуендерімен талайдың есінде қалған музыкант қазір қайда жүр?
Бастыстық басылымның бірінде: «Әлемде Стингтің туындысын жақсы көрмейтін адам сірә, жоқ шығар. Бар болғанның өзінде, ол маэстроның әндерін естіп көрмеген болуы керек» делінген. Музыка саласына мол мұра қосқан өнерпаз, шығармашылыққа анасының арқасында келген еді.
Стинг, әнші:
-Менің анам фортепианода ойнатын. Сол кісі, менің ең алғашқы музыкаға деген көзқарасымды қалыптастырды.
Жиырма бес жасқа дейін әртүрлі қызметте жұмыс істеп келген Стингтың өмірі Стюарт Коупленд есімді барабаншыны кезкітіргеннен кейін күрт өзгереді. Музыкант Стюартпен бірге «Police» атты топ құрып, өнер әлеміне қадам басқан еді.
Заманауи рок-мәдениеттің өкіліне айналған Стинг бүгіннің өзінде 16 «Грэмми» және «Оскар» марапатын еншілеп үлгерген. Сондай-ақ, британдық орындаушы қайырымдылықпен көзге түсуде. Мәселен, ол «Тропикалық орманды қорғау фондының» негізін қалаған болатын.
Алпыс жеті жасқа келсе де, Стинг музыкмен қош айтыспақ емес. Әлі де талай тың туындылармен тыңдармандарымды қуантамын деген ол, алты ай бұрын ғана «Don't Make Me Wait» атты бейнебаянын ұсынды.