Актриса Розамунд Пайк өзінің кезекті фильмінің трейлерін ұсынды. «Жеке соғыс» атты лентада Розамунд - жұмысы үшін басын қауіп қатерге тігетін журналисттің рөлінде.
Режиссер Мэтт Хейнеман ұсынған туынды бақилық болған танымал корреспондент - Мэри Колвиннің өмірін суреттеген. Биографиялық фильмде, ақпарат үшін журналист қыз, түрлі соғыс ошақтарына аттанады.
Драмаға толы «Жеке соғыс» лентасын қараша айынан бастап көре аласыздар.
АҚШ пен Ұлыбритания бірігіп таспалаған «Апостол» картинасы детектив жанрында болмақ. Үрейлі лентада, өзінің жоғалып кеткен қарындасын іздеуге аттанатын Томас Ричардсонның оқиғасы баяндалады. Кейіпкердің бұл сапары аса қауіпті. Картина 1905 жылы болған оқиғаға негізделген.
Ресей елінің авторлары ұялы телефонға түсірген алғашқы «Фагот» атты фильмін ұсынбақ. Комедия жанрында түсірілген картинада жастардың қарым-қатынасы көрсетіледі. Аталмыш лентаны, отандық көрермендер қараша айында үлкен экрандардан көре алмақ.