Жұлдыз Өмірғалимен жұптасып, жұрттың қызу талқысына түскен Айқынның алғашқы отбасымен қазіргі қарым-қатынасы қалай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы әкеге көп жолданатын сауалдардың бұл бірегейі. Дегенмен, балаларымен жиі серуендейтін әнші, тұңғышының сабақ үлгерімінен бейхабар.

Екінші рет шаңырақ көтерген Айқынға, жауапкершіліктің жүгі еселенгені анық. Қолы қалт етсе алғашқы отбасына қарай асығатын Төлепберген, тұңғышымен жиі жүздеседі. Бірақ Аңсардың сабақ үлгерімін алғашқы жұбайына тапсырған.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Ата-аналар жиналысына анасы қатысады. Мен... оның үстіне қазір ат-аналар жиналысы деген көп емес қой. Уатсапта чат бар. Бәрі чат ашып алған. Ата-аналардың барлығы сол чаттың ішінде бүкіл мәселелерді шешіп отырады.

Жорабаева жиынға жиі бармаса да, ұстаздармен телефон арқылы байланыста. Бүгінде Алтынайдың төрт бұрымдысы да мектеп қабырғасында білім алады. Үлкені келер жылы оқуын тәмамдаса, кішісі бастауыш сыныптардың бірінде екен.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Бара алмай қалған уақытта үйде көмекшім бар. Сол барады. Болмаса мұғалімдерінен сұрап аламын. Ол жерге мен бармай, сізден хабарды білуіме бола ма деймін. Иә, мынадай, мынадай тақырыпта болады дейді. Болды!

 

Ал, Қайрат Нұртастың жұмыс кестесі салтанатты кештер, той-томалақ және әнсапар мен түрлі түсірілімдерден тұрады. Бірақ әріптестеріне қарағанда әлдеқайда белсенді ата-аналардың санатында секілді. Хитменнің кенжесі Хан бала-бақшаға барса, Сезім, Алау, Нарұлы орта мектептің оқушылары.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Әке болып мектепке бардым. Ең жас болып тұрдым шіреніп. Мақтанып. Маған өзіме де сондай бір басқаша болды. Әкелердің қасында әке болып тұрған кезде өзім қуандым. Ойланып қалдым шынымды айтсам.