Отандық жұлдыздар да көлік жүргізу тақырыбын талқыға салды. Мәселен, жол ережесін жиі бұзатындар, Айнұр Ілиясованының жүйкесін жұқартып біткен көрінеді. Актриса, тіпті, арасында боғауыз сөздерді айтуда тартынып қалмаймын дейді.
Айнұр Ілиясованы қалың көпшілік талантты актриса, аяулы жар, үлгілі ана ретінде жақсы таниды. Алайда, өнерпаз көлік жүргізгенде «мінсіз» болу қолымнан келмейді дейді. Телефонға телміру - жол ережесін жиі бұзатын жұлдыздың жаман әрі қауіпті әдеттерінін бірі екен.
Айнұр Ілиясова, актриса:
-Жұмыс бабы бойынша өте көп қараймын. Бірақ аудио сообщениямен жауап беруге тырысамын. Және де бағдаршам қызыл болып тұрған кезде, тоқтаған кезде көбіне қарағанға тырысамын. Өйткені ол қауіпсіз емес, шындығына келгенде. Сосын көлік айдаған кезде боқтаймын.
Телефонға тәуелді актрисаға әнші Айридің айтар ақылы мынау.
Ayree, әнші:
-Наушник дейді ғой, наушникті қолданады, громкий связь қолдана аласың. Жалпы, қазіргі таңда сондай-сондай гаджеттер бар. Сондықтан, менің ойымша осындай гаджетпен жұмыс жасау керек.
Кентал да жол ережесін бұзбайтындар қатарында. Себебі, өнерпаздың салғырттығы кезінде әншіні үлкен апатқа ұшыратқан көрінеді.
Кентал, әнші:
- Мен бес жыл бұрын жаман аварияға түсіп қалдым өз көлігіммен. Үлкен бір джиппен келе жаттым... Сол ішпей, жемей ұйықтап қалдым рөлде таңғы төртте. Ұйықтап, осындай оқиғаға түсіп қалдым. Сөйтіп, тірі қалдым. Содан бері, өмірім өзгерді. Әп-әжептеуір өзгерді... Өмірге мүлде басқа көзқараспен қарайтын болдым.
«Сондықтан, барша жанкүйерлеріме айтарым, жолдағы қауіпсіздік ережесін міндетті түрде сақтаңыздар» - дейді, Кентал.