«Жасыл кітап» фильмі ұсынылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Властелин Колец» фильмінің жұлдызы – актер Вигго Мортенсен кинотуындысының тұсауын кесті. «Жасыл кітап» деп аталатын картина шынайы оқиғаға негізделген. Лента драмаға да, комедияға да толы болмақ.

Вигго Мортенсен Цюрих қаласында өткен 14-ші кинофестивальдің шымылдығын «Жасыл кітап» атты туындысымен ашты. 59 жастағы өнер иесінің бұл соңғы картинасы болмақ.

 

Вигго Мортенсен, актер:

-Фильмде барлық жандардың қалауы бір екені көрсетіледі. Көлік тізгінінде бай, не кедей отырсын, жолға шыққындардың құқығы тең. Біз тек бірі-бірімізді сыйлаумыз қажет.

Лентада, әйгілі джаз музыканты Дон Ширлидің ән сапарларында көлік жүргізетін қарапайым жігіт Тони Липтің оқиғасы баяндалады. Екеуі сыйыспаса да, жолда талай оқиғаға тап болып, бір-біріне қорған бола біледі. «Жасыл кітап» картинасы тек 2019 жылы үлкен экрандарға жол тартпақ.