«Мистерионс» тобында өзгеріс! Он жыл бойы үш жігіт өнер көрсеткен ұжымның құрамында екі әнші ғана қалыпты. Сахнаға дуэт ретінде шыққан серілер, бойзбендтегі тосын жайдың не себепті орын алғанын түсіндірді.
Бұл жолы «Мистерионс» тобы түнгі клуб қонақтарына шағын-концерт ұсынуы тиіс еді. Бірақ уәделі кешке Ілияс келмегендіктен, Арман мен Дильен дуэт ретінде шықты. Ал, триоға көзі үйреген жанкүйерлерге жігіттердің берер жауабы мынадай...
Дильен, «Mysterions» тобының әншісі:
-Үшінші солистіміз Ілияс жанұясымен бірге жедел түрде кетіп қалды. Бүгін қалада емес. Сондықтан біз концертке бір күн қалғанда, бас тарта алмаймыз ғой. Көрермендеріміз келді, жанкүйлерлеріміз келді. Сол үшін екеуміз айтамыз енді амал жоқ қой.
Бұл бойзбендтегі береке-бірліктің ортайғаны соңғы уақытқа қатты байқалып жүр. Аша Матай өткен жолы, топтағы жігіттердің жұбайларын тіпті танымайтындығын айтқан-ды!
Аша Матай, әнші, актриса:
-Расымды айтайын, өтірік айтпай-ақ қояйын мен оларды көрмедім. Шынымды айтайын «Мистерионс» тобындағы Дильен мен Ілиястың, екеуінің жұбайларын көрген емеспін. Білмеймін неге екенін, солай!
Себебін серілердің өздерінен сұрап көрдік. Алайда, Ашаның сөзін Арманның досы Дильен жоққа шығарды.
Дильен, «Mysterions» тобының әншісі:
-Бір-бірін танымайды емес. Әрине бір-бірін таниды ғой. Бір 2-3 рет бір жерде отырғанбыз. Сөйлескенбіз.
Ақиқат кімнің жағында екені беймәлім! Дегенмен, жігіттер көпшіліктің көңіліне ұялаған бұл күдікті келешекте сейілтеміз деп сендірді.
Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:
-Болашақта енді таныстыратын шығармыз! Былай айтқан кезде араларында ешқандай проблема жоқ!
Дильен, «Mysterions» тобының әншісі:
-Жеңіл сұрақ қой. Ертең-ақ кездесе салады ғой.