Өзінің кәсібі үшін барын салатын жандар футболда да жетерлік. Мысалы, Қазақстан премьер-лигасында 33 жастағы аяқдопшы сұрмергендердің көшін бастап келеді. Ел чемпионатында ең көп гол соққан спортшылар тізіміне тілшіміз толығырақ тоқталады.
2018 жылы Қазақстан премьер-лигасы жаңа есімдермен толықты және азды-көпті сенсацияларға да орын бар. Өтіп жатқан ел біріншілігінде ең көп гол соққан футболшылардың үздік ондығы мына кестеде. Көш басында биыл ғана «Ақтөбе» сапына қайта оралған Маркос Пиззели. Бразилия тумасы 18 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген. Чемпионат басында хәлі мүшкіл болып көрінген «Ақтөбе», Маркос секілді женкешті аяқдопшылардың арқасында турнир кестесінің бел ортасына мықтап тұрақтады.
Бұрынғы «Ақжайықтың» тауяда ғана «Қайраттың» футболшысы атанған Адеринсола Эсеола 15 доппен Маркосты өкшелеп келеді. Оның командаласы Исаэль жылдағы дәстүріне сай сұрмегендер қатарында. Қазір «Астана» шабуылшысы Алексей Щеткин екеуінің қоржынында 10 голдан бар. Сонымен қатар, елордалық клубтан Патрик Твумаси, Роман Муртазаев, Марин Томасов, «Қайрат» сапынан Андрей Аршавин, «Ақжайықтан» Малик Мане, қызылордалық «Қайсар» құрамынан Братислав Пуношевац осы тізімдегі үздік ондықты қорытындылап тұр.
Былтырғы ҚПЛ маусымында 17 гол соққан Бауыржан Исламхан, биыл тек 3 доппен ғана көзге түсті. Оның жанында клубтасы Аршавин 9 голдың авторы атанып үлгерген. Өткен чемпионатта 18 мәрте нәтижелі соққы тіркеген Роман Мұртазаев та, биыл 7 допқа қанағат етуде. Сөзсіз осы ел чемпионатының басты жұлдыздары Маркос Пиззели мен Адеринсола Эсеола. Екеуін сұрмергендер сайысында енді ешкім қуып жете алмайтын сынды.