Өзге ғаламдықтардың кезекті франшизасы «Х адамдар: Қара Феникс» ақырғы шайқасын өткізбек. Көптен күткен лента, өзінің су жаңа трейлерін ұсынды.
Фильм, «Fox» компаниясының «Х Адамдар» франшизасымен атқарған соңғы жұмысы болмақ. Картинаның жалғасын таспалау құқығы, «Марвелдің» қолына өтуі де бек мүмкін. Лентаның кезекті бөлімі шытырман оқиғаларға толы.
«Тақтар ойынының» жұлдызы Софи Тернер, тың туындыда басты кейіпкерлердің бірін сомдайды. Қара Феникстің құрбанына айналатын ару, күллі әлемге қауіп төндіреді. Себебі бойжеткеннің бойына біткен күшті, Феникс зұлымдық мақсатында қолданбақ. Енді оның жолына бөгет болу, ғарыштан келген қаһармандарға жүктелген. Фантастикалық лентаны, отандық көрермен 2019 жылдың 14-ші ақпанынан бастап көре алады.