Сәнқой Ариане Гранденің стилі емес, жеке өмірі қызу талқыға түсуде

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнқой Ариане ГрАнденің стилі емес, жеке өмірі қызу талқыға түсуде. Жақында ғана қалыңдық атанған әншінің, болашақ күйеужігіті - Пит Дэвидсонді көре алмай жүргендер де бар екен. Тіпті жүргізушінің өміріне қауіп төнген.

-Маған өлім тілейтіндей, мен оларға не істедім. Түсінбеймін. Біреулері сені өлтіреміз десе, өзгелері атып кетеміз дейді.

Пит Дэвидсонның өмірі, Ариане Грандеге сөз салған күннен бастап күрт өзгерген. Актер әрі тележүргізуші тіпті, өзінің инстаграм парақшасынан бас тартты. Серінің ұстанымы бойынша, жат жұрттың жағымсыз пікірлері екеуінің махаббатына еш кедергі келтірмеуі тиіс.

***

Танымал сәнбике Жизель Бундхен өз өмірін қағаз бетіне түсірмек. Victoria's Secret-тің экс-моделі «Менің шығармашылық жолым» атты автобиографиялық туындысын ұсынбақ ниетте. Қазан айында жарыққа шығатын кітапта, Жизельдің жас кезінде бірнеше мәрте өз-өзіне қол жұмсауды ойлағаны туралы баяндалған. Өмірінің қиындықтарын артта қалдырған жұлдыз, қазіргі таңда күйеуі Том Брэдимен екі ұл тәрбиелеп отыр.

***

Ал Крис Прэттің арманы, Том Крузға ұқсау. 39 жасар актерға Томның батылдығы шабыт беріп жүр екен. «Орындалмас миссия» картинасының басты кейіпкері, фильм үшін өмірін қауіп қатерге де тігуден тайынбайды. Сол қасиетіне таңқалған Прэтт, Том мырзамен өмірде таныс болмағанына қатты қапалы.