Корейлік әйгілі BTS ұжымы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына табан тіреді. Танымал бойзбенд БҰҰ-ның 73-ші сессиясына арнайы шақыртылған көрінеді. Айтулы шараның мінберінде сөз сөйлеу мәртебесі топтың басшысы Рэп Mонстрға тапсырылған.
Бұл шараға қатысу біз үшін үлкен құрмет. Өткен жылдан бері BTS "ЮНИСЕФ"-пен бірлесе «Love Myself» компаниясын бастаған еді. Соның аясында, әндеріміз арқылы жасөспірімдерге махаббат өзіңді сүюден басталатынын жеткізуге тырыстық.
Сондай-ақ, Билбордтың үздіктер көшін бастаған «Love Myself» әнжинағының арқасында талай жанкүйер өмірлік қиындықтардан құтылған көрінеді. АРМИ-дің айтуынша, туындылардағы үндеу талайдың жанын жамандықтан сақтап қалған екен.