Гүлнұр Оразымбетова егде жастағы жолдасын, танымал актерға алмастырды. Жо-жоқ, бұл өмірде емес, әншінің су жаңа клипіндегі сюжет...
Оразымбетованың тұсауы кесілген тың туындысы - «Махаббат деген...» деп аталады. Гүлнұр ханым бұл әнін өзінің өмірлік жарына арнағанымен, бейнебаяндағы ғашығын актер Азиз Бейшеналиев сомдайды. «Біткен іске сыншы көп!» Жаңа видеода өзге еркекпен вальс билеп, романтикалық кешті бастан өткерген бикешті, жұрт жақтырта қоймаған сынды.
Алғашқыда клиптегі Гүлнұрдың рөлін өзге актриса сомдауы тиіс болған. Алайда әнші арнайы жаздырған туындысын, менен артық ешкім түсінбес десе керек.